Қоғам

Жалған IELTS сертификаты туралы дау: сот шешімі шықты

© Sputnik / Медиабанкке өтуМедициналық университет
Медициналық университет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медициналық университеттен шығарылған кейбір студенттерге қатысты процессуалдық шешім әлі қабылданған жоқ

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. "Астана" медициналық университетіне түсер кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған студенттер ЖОО-ға қайта қабылданбайды.

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев жалған сертификат үшін оқудан шығарылған студенттерге қатысты: бұл дұрыс

Елордалық сот медициналық білім беру мекемесіндегі оқуын жалғастырғысы келген бірнеше студенттің шағымын қанағаттандырмады. Сот шешімі әлі күшіне енбеген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Адвокат Ерғали Мелдебековтің пайымдауынша, қарапайым тексеру тәсілі сертификаттардың жалған екенін дәлелдей алмайды. Оның сөзіне сүйенсек, Британ консулдығына сұрату жолдаған абзал.

Ағылшын тілі бойынша IELTS сынағының сертификаттарына қатысты шу былтыр күз айында шыққан болатын. Медициналық университеттің 100-ден астам студенті жалған сертификатпен оқуға түскен болып шықты. Сөйтіп, білім беру мекемесінен 117 адам оқудан шығарылған.

Оқудан шығарылып қана қоймай, бұл студенттердің білім алуына кеткен қаражат пен осы уақыт бойы төленген шәкіртақы мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс болатын.

Медициналық университеттегі шу: жалған сертификат сатқандар анықталды

Білім алушылардың өздері сертификаттың жалған екенін білмей, алаяқтарға алданып қалғандарын айтады.

Жаңалықтар
0