АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 25 балл алған түлек грантқа оқуға түсті.
25 балл алған талапкердің есімі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімінде жазылған. Ол енді "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алады.
Болашақ студент Қазақстан азаматы емес, бірақ қазақ ұлтынан шыққан талапкерлерге бөлінген квотаға ие болған.
Биыл қазақ диаспорасының 862 өкілі Қазақстанда жоғары білім алуға грант алды.
Олардың арасында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 133 балл жинаған түлек те бар. Кей оқушылар төмен нәтиже көрсетіп, небәрі 25, 26 және 27 балл алған екен.
Грант иегерлерінің толық тізімі дүйсенбі күні электронды форматта жарияланды.