ШЫМКЕНТ, 6 тамыз — Sputnik. Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға бүгін таңғы сағат жетілер шамасында қала орталығындағы көпқабатты элиталы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша әйел пәтердің балконынан құлап кетуі мүмкін. Мерт болған әйел шамамен 40-45 жаста. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.
Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни, өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу-анықтау амалдары қолға алынғанын хабарлады.