Қоғам

2018 жылғы гранттарды бөлу нәтижесін қашан және қайдан білуге болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ, архивтегі фото
ҰБТ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грант иеленгендердің тізімі биыл тек электронды түрде жарияланады

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады.       

Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады. 

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", — деп жазылған хабарламада.  

Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz, @testcenterBot телеграм бот.

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.

Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі. 

ҰБТ кезінде бөтелкенің сыртына шпаргалка жасап алып келген түлек жұртты таңғалдырды  

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекті Назарбаев университеті қабылдамай тастады

Жаңалықтар
0