АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Ресейдің Вологда қаласында бір жарым жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, жекеменшік балабақшадан қашып кеткен. Қашқан сәті видеоға түсіп қалыпты, деп хабарлайды life.ru.
Видеода әуелі сәби аулаға жүгіріп шығып, артынша балабақша тәрбиешісі баланы іздеуге шығады. Алайда қанша іздесе де, таба алмай қойған. Жападан жалғыз қалған сәбиді көшеде әйел адам көріп қалып, балабақшаға ертіп әкелген көрінеді.
Аталған іс бойынша Тергеу комитеті тексеру жүргізіп жатыр, нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады.
Тағы оқыңыз: Балабақша тәрбиеші 6 жасар қыздың үстіне сорпа төкті