Оқиға

Астанадағы жантүршігерлік жол апаты: КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты

© Sputnik / Максим Богодвид / Фотобанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жол апаты салдарынан қырық жастағы ер адам қаза тапты, тағы бір адам зардап шеккен

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. сенбі күні жантүршігерлік жол апаты болды: жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан.

Алматыда автобус жеңіл көлікті мыжып тастады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус жеңіл көлікті "мыжып" тастады (фото)

Sputnik агенттігіне ішк істер департаменті хабарлағандай, бастапқы деректер бойынша, Mercedes жүргізушісі Пушкин көшесі жақтан Байырқұм көшесімен келе жатып, кері бұрыла бергенде КамАЗ көлігіне соғылған.

Қатты соққыдан көліктер қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, тағы бір машинамен соқтығысады.

Салдарынан Mercedes көлігінің қырық жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды, жүргізуші аурухана жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Тағы оқыңыз: Тежегіші істен шыққан жүк көлігі жеңіл машинаны жаншып тастады — фото

Жаңалықтар
0