АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ер адам Алматыда жолбарысты қарғыбаумен жетектеп, қыдырып жүр.
Оқиға қалалық Арбатта болыпты. Кадрлардан байқағанымыздай, жыртқыш аң адам көп жүретін жаяу жүргіншілер көшесінде ешқандай тұмылдырықсыз келе жатыр, ал иесі оған ет беріп қояды.
Instagram қолданушылары бұл жайтты қызу талқылап, әбден наразы болды.
"Айыппұл салынсын, мұндайды енді қайтып көрмейік, қауіпті емес пе?", — деп жазды қолданушылардың бірі.
Басқалары әкімдік пен полиция қайда қарап отыр деп аң-таң.
"Неге екенін білмеймін, мына жолбарысқа жаным ашып тұр, ол үй жануары емес, жыртқыш қой, еркіндікке қоя беру қажет", — деп жазды тағы бір адам.
Тағы оқыңыз: Арыстандар мен жолбарыстар зообақтан қашып кетті