Экономика

"Самұрық-Қазына" халықаралық банктерге қарызын мерзімінен бұрын қайтарды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуМонета, архивтегі фото
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Самұрық-Қазына" қоры 900 миллион доллар бірлестірілген кредитті мерзімінен бұрын өтеді

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik.  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жұмысының нәтижесі туралы компанияның экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директоры Ернар Жанәділ айтып берді. 

Азық-түлік кәрзеңкесіндегі монеталар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді

"Қор мен оның жетекші портфелді компанияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітеді. Атап айтқанда, алғашқы жартыжылдықта "Самұрық-Қазына" халықаралық банктерден алған  900 миллион доллар бірлестірілген кредитін мерзімінен бұрын өтеді. Оның мерзімі 2020 жылға дейін болатын", — деді Жанәділ баспасөз конференциясында.    

Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" 1,6 миллиард доллардың еурооблигациясын, "Самұрық-Энерго 39 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарған

"Мұның барлығы қаржы тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік берді", — деп түйіндеді ол. 

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ  – жалғыз акционері Қазақстан үкіметі саналатын холдинг. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы құрылды.    

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы — Ахметжан Есімов.

Қытай сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры не болады? 


Жаңалықтар
0