АСТАНА, 3 авг — Sputnik. Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Қарағанды және Сарыөзек гарнизондары әскери бөлімдерінің нысандарын тексерді.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған бір топ комиссия гарнизондардың әскери бөлімдерін тексерді.
Сапардың негізгі мақсаты жауынгерлік даярлық іс-шараларының барысын, әскери бөлімдер мег құрамалардың оқу-материалдық базасының жай-күйін, оқ-дәрілердің сақталу шарттары және қару-жарақ пен әскери техникаға сапалы қызмет көрсетілуін тексеру болды. Тексеру нәтижелері бойынша Бас штабтың бастығы әскерлердің жауынгерлік әзірлігін әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берді.