Саясат

Назарбаев демалыстан шықты

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақордада президенттің қатысуымен бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Басқосуда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты

Жиынға президент әкімшілігінің басшысы Ә. Жақсыбеков, Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, президенттің көмекшісі Н. Онжанов, қорғаныс министрі С. Жасұзақов және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Басқосуда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды.

"Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек", – деді Қазақстан президенті.

Тағы оқыңыз: Түркіменстан президенті Назарбаев туралы не айтты?

Кеңесте сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Бесінші Каспий саммитіне дайындық барысы жөніндегі есебі тыңдалды.

"Бесінші Каспий саммитінің аясында Каспий теңізінің құқықтық режімін анықтау үшін көп жылғы келіссөздерді аяқтау жоспарлануда. Каспий жағасындағы елдердің теңізді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болып саналады", – деді Қ.Әбдірахманов.

Каспий маңы елдері арасындағы өзара тиімді экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған Конвенцияға қол қоюдың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тағы оқыңыз: Путин Назарбаевқа телефон соқты

Жиын соңында мемлекет басшысы Бесінші Каспий саммитін өткізуге дайындық жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0