Әлем

Полицейлер қарулы қылмыскерді тұтқынмен бірге атып тастады (видео)

© AP Photo Тапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер оқ атпас бұрын "пышақты таста" деп бірнеше рет ескерткен

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Лос-Анджелесте полиция пышақпен қаруланған ер адамды тұтқынмен бірге атып тастады, деп хабарлайды Sky News басылымы.

Оқиға 16 маусымда болған. Офицерлердің киіміне орнатылған камераларға түсірілген видеода 32 жастағы Гильермо Перес пышағын жалаңдатып көшеде жүр. 

Полицейлер "пышақты таста" деп бірнеше рет ескерткенмен, қылмыскер оларға құлақ аспайды.

Сол кезде офицерлердің бірі бірнеше рет оқ атқан. Ал Перес оқтан қорғану үшін орындықты көлегейлеп ұстап тұрады. 

Бірақ кенет орындықты тастай салып, әйел адамды бауыздай бергенде, үш офицер де оқ жаудырады. Атыс салдарынан қылмыскер де, тұтқын да қаза тапты.

Жаңалықтар
0