Өңірлер

Қазақстанда мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі

© SputnikМешіт, архивтегі фото
Мешіт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мешіт салатын адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны артып жатыр

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Қазақстанда сәуірде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды, деп хабарлады tvk-uko.kz. 

Алматыдағы саяси тұтқындарды қолдау акциясы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 800-ден асып кеткен ғибадатханалардың жай-күйі дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармаларының мамандары қатысқан кеңесте талқыланды. Олардың қаншасы заңды, қаншасы заңсыз салынғанын шенеуніктер әзірге анықтай алған жоқ.

Облыста соңғы үш жылда сегіз мешіт салуға рұқсат берілген, қалғаны заңсыз салынған, дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері.   

Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі. 

"Егер адам заңсыз ғибадатхана салса, ол оны өзі сүруі тиіс. Кейін ол жерге, құрылыс салуға қажетті рұқсаттарды алып, тиісті органға хабарлауға міндетті. Содан кейін құрылысты бастауға рұқсат етіледі", — дейді Түркістан облысы сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.

"Дәстүрлі дінімізде балақты қысқарту деген жоқ". Бас мүфти сұхбат берді

Мешіт салу бастамасын көтеретін адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, өңірде заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны жыл санап артып жатыр. Салдарынан ауылдар мен округтердегі кейбір діни ғимараттар көбінесе бос қалады, дейді шенеуніктер.

"Облыста және Шымкентте 800-ден астам мешіт бар, көбісі бос қалып жатады. Оған адам санының жетпеуі немесе құрлыс нормасының сақталмауы себеп болады. Ол мешіттерге ешкім бармағандықтан, біз оны ғибадат бөлмесіне айналдырамыз", — дейді Түркістан облысы дін істер басқармасының басшысы Самат Сапарбаев.

 Жамбыл облысында басбұзар Құранды шашып, аяққа таптады 

Кездесу соңында шенеуніктер меценаттардан қандай да бір діни нысанды салар кезде заң нормаларын сақтауды өтінді.   


Жаңалықтар
0