Оқиға

Шымкентте кешіккен пойыздың жолаушылары жерге жатып ұйықтауға мәжбүр болды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуЖолаушылар
Жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кешіккен пойызды вокзалда күткен адамдарға кез келген бос жерге жайғасуға тура келген

ШЫМКЕНТ, 1 тамыз — Sputnik. Вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты кешіккен Шымкент – Астана пойызының жолаушылары перронда түнеуге мәжбүр болды.

31 шілде күні таңертең Жамбыл облысында жүк көлігі вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан бес жолаушылар пойызы кешіккен.

Пойыз апаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты

Өңірлік otyrar.kz басылымына сілтеме жасап Sputnik хабарлағандай, жолаушылар кешкі сағат алтыда елордаға аттануы тиіс болатын, алайда пойыздың рельстен шығуы жоспардың күл-талқанын шығарыпты. Адамдар пойыздың қашан аттанатынын білмей, басым көпшілігі вокзалда күтуге шешім қабылдаған.

Жергілікті саудагерлер бұл жайтты құр жібермей, азық-түлік бағасын көтере қойды. Нан қымбаттап, ауыз су бағасы екі есе артқан. Ал тез пісірілетін кеспе үш-төрт есе артық бағамен сатылып, құны 400 теңгеге жетті. Тіпті әжетханаға бару үшін де жолаушылар ақша төлеуге мәжбүр болыпты. "Шымкент" станциясының басшысы араласқаннан кейін ғана әжетхана тегін болған.

Жолаушыларға күту залында, "ана мен бала" бөлмесінде, перрондағы орындықтарға, көгалға түнеуге тура келді.

© Photo : otyrar.kzПойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан
1/2
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды
© Photo : otyrar.kzПойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан
2/2
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды
1/2
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды
2/2
Пойызды күткен жолаушылар далада түнеуге мәжбүр болды

Кейбіреулерге ақшасын қайтарып беріпті – билет құны жеті мың теңгеден астам болса да, адамдарға бес мыңнан қайтарылды. Ал олардың көпшілігі билетті алып-сатарлардан 17 мен 22 мың теңге аралығында сатып алған екен.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт ашылды

Жаңалықтар
0