Қоғам

Сайрагүл Сауытбай: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа рақмет! – видео

© Sputnik / Айгерім ТаубайСайрагүл Сауытбай
Сайрагүл Сауытбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайрагүл Сауытбай әділеттілікті жолға қойған президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және "Әр қазақ менің жалғызым" деп ұрандаған барлық ел-жұртқа рақметін айтты

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Алматы облысының Панфилов аудандық сотында қытай азаматы, шекарадан заңсыз өткені үшін айыпты болған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатылғанын бұған дейін хабарлаған едік. Сот шешіміне сәйкес, Сайрагүл Сауытбай Қазақстан аумағынан шығарылмайды, алты ай пробациялық бақылауда болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сайрагүл Сауытбайға қолдау білдіріп келген көпшілік сот шешімін естіген бойда "Қазақстан жасасын!", "Әділеттілік жасасын!" деп ұрандатумен болды.

Сайрагүл Сауытбайдың мақсаты –  Қазақстанның азаматтығын алу

Сайрагүл Сауытбай сотта - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сайрагүл Сауытбайға сот үкімі шықты

Адвокат Абзал Құспанның айтуынша, Сайрагүл Қазақстанның азаматтығын алу үшін барлық құжат тапсырылып қойған.

"Сайрагүл Сауытбайға көші-қон полициясы берген куәлік Қазақстанның азаматтығын алуды тездетуге көмектеседі. Азаматтық алуға байланысты барлық құжат тиісті органдарға тапсырылды, өтініштер жазылды. Ендігі кезекте бұл мәселе ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік комиссия тарапынан шешіледі. Алдымен босқын деген куәлікті алуымыз керек. Ол үш ай ішінде шешіледі. Кейбір жағдайларда бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сол статусты алғаннан кейінгі екінші қадам – өзіміздің азаматтықты алу. Сайрагүл Сауытбайдың мақсаты – Қазақстанның азаматтығын алу", — деді Абзал Құспан сот шешімі хабарланғаннан кейін Sputnik тілшісіне.

 Бостандыққа шыққан Сайрагүл Сауытбай өзін қолдап келген жиналған қауымға өз алғысын білдірді. 

"Мен өзімді жалғыз сезінген едім. Жалғыз емес екенмін. Сіздердей ел-жұртым тұрғанда мен жалғыз болмаймын", — деді Сауытбай.

"Әділеттілікті жолға қойған Нұрсұлтан Назарбаевқа рақмет!"

Сайрагүл Сауытбайдың соты - Sputnik Қазақстан
Видео
Сайрагүл Сауытбайдың соттағы соңғы сөзі

Сайрагүл Сауытбай өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлына да алғысын айтты.

"Әділеттілікті жолға қойған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және сол кісінің артынан еріп келе жатқан "Әр қазақ менің жалғызым" деп ұрандаған барлық ел-жұртқа рақмет. Ризамын!  Қазақстан жасасын! Осындай бірліктеріңіз бен қаймағы бұзылмаған берекелеріңіз тұрғанда қазақ елінің  ертеңі жарық болатынына сенемін!", — деді Сайрагүл Сауытбай. 

Қытай сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін апелляциялық алқа қарап жатыр 

Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты сот отырысы бастала салысымен адвокат Абзал Құспан сот төрағасына қандасымызға көші-қон полициясы берген пана іздеуші тұлға куәлігін тапсырды.

© Sputnik / Айгерім ТаубайСайрагүл Сауытбай балаларымен
Сайрагүл Сауытбай балаларымен  - Sputnik Қазақстан
Сайрагүл Сауытбай балаларымен

 Жарыссөз кезеңінде прокурор Арзыгүл Имярова судьядан Сайрагүл Сауытбайға шартты түрде алты айға бас бостандығынан айырып, оны пробациялық бақылауға алуды, қосымша жаза — Қазақстан аумағынан шығаруды қолданбауды, сот залынан қамаудан босатуды сұраған болатын.

Қазақстан шекарашылары өзен бойымен қыдырған Қытай азаматын ұстады 

Айта кетейік, мамырдың ортасында Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өткені үшін ұстап әкеткен еді.  


Жаңалықтар
0