Өңірлер

Абайдағы сұмдық оқиға: Бас прокуратура түсініктеме берді

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannЕр адам, архивтегі фото
Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шегушінің отбасы Қазақстанның қадағалау органдарына үш рет арыз түсірген, қылмыстық іспен ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысып жатыр

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы Түркістан облысындағы Абай ауылында тұратын 16 жастағы жасөспірімді екі жігіт зорлап, ақша бопсалағанына қатысты түсініктеме берді.  

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді

Қадағалау органының редакцияға жолдаған жауабында зардап шегушінің отбасынан 2016 жылдың желтоқсанында, 2017 жылдың ақпаны мен шілдесінде үш рет арыз түскені айтылады.  

Екі арыз облыстық прокуратураға қайта жіберілсе, үшіншісіне жауапта қылмыстық істі қарау барысы туралы айтылған.  

"Қазіргі таңда Түркістан облысы ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты, толық және әділ зерттеуге бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Бас прокуратураның мәліметінше, қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.  

Жиырма екі жастағы Абай ауылының тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне алты жыл бұрынғы сұмдық оқиғаны амалсыздан айтып берген болатын. Жас жігіттің отбасы құқық қорғау органдарына бірнеше рет арызданған, одан түк шықпаған. Жігітті қорлағандар әлі жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шегушінің айтуынша, оны үш жыл бойы екі ер адам зорлап, одан кейін ақша бопсалаған.     


Жаңалықтар
0