Әлем

Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуБалға, архивтегі фото
Балға, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам отбасылық кикілжің барысында әйелі мен өгей қызын өлтіріп қойған

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Ресейде ер адам жанжал кезінде екі әйелді балғамен ұрып өлтірген. Содан кейін қаскөй қызы мен жиенінің (қызынан туған – агент.) неге жоғалып кеткенін сұраған енесіне үш ай бойы өтірік айтып, жауапкершіліктен қашып жүрген. 

бала - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әкесі өз баласын қолшоқпар сияқты ұстап, ашынасын ұрғылаған

Калуга облысында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Сотта белгілі болғандай, ер адам өзімен бірге тұратын 57 жастағы әйел мен оның бірінші некеден туған бойжеткен қызын айуандықпен өлтіргені белгілі болды. Ер адам өгей қызынан 50 мың рубль ұрлады деп күдіктенген. Ол алған жоқпын дейді, содан кейін қызға өгей әкесі күш қолданып, мойындатпақ болған, деп жазды life.ru.   

"Отбасылық кикілжің барысында бірге тұратын ер мен әйелдің және қыздың арасында дау шығып, салдарынан ер адам әйелдерді балғамен аяусыз ұрған", — деп хабарлады  өңірлік тергеу комитетінің баспасөз қызметі.  

Қылмысын жасыру үшін ол қаза болғандардың мәйіттерін көрпеге орап, пәтердің балконына шығарып қойған. Онда мәйіттер үш ай – 26 сәуірге дейін жатқан. Қаскүнем осы уақыт ішінде үйге бірнеше рет келген азаматтық некедегі әйелінің анасын ақылға қонбайтын өтіріктер айтып, шығарып салып отырған. Өтірік айтудан жалықса керек, ақыр соңында енесінің қоңырауларына жауап бермей, есікті ашпай қойған.

Әкесі жасөспірім қызына тиіскен ер адамды өзі жазалады

Содан кейін ғана қария дабыл қағып, полицияға хабар береді.

"Тергеушілер аталған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Таяуда ер адам сот алдына барады", — деп түйіндеді ведомство.

Университет түлектері жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды


Жаңалықтар
0