Спорт

Олимпиада чемпионының Тенді жерлеу күні жариялаған суреті фанаттарды ашуландырды

© Sputnik / Владислав ВодневДенис Тенмен қоштасу рәсімі
Денис Тенмен қоштасу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитова 20 шілде күні инстаграмға жаттығу кезінде түскен суретін салған

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитованың қазақстандық спортшы Денис Тенді жерлеу күні желіде жариялаған көңілді суреті жанкүйерлердің ашуын келтірді. 

Алина Загитова небары 16 жаста, сол себепті кейде жанкүйерлермен араласу кезінде оған даналық жетіспей жатады, деп жазады gazeta.ru

20 шілде күні спортшы қыз инстаграмдағы парақшасына жаттығу кезінде қызғылт шардың қасында түскен суретін жариялап, астына "Дәстүр бойынша…"деп жазған. Бұған қоса, қасына көңілді "смайликтер"қойған.

Дәл осы күні Қазақстан халқы автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенмен қоштасып жатты. 

Әлеуметтік желі қолданушылары аза тұту күні көңілді суретпен бөліскен қызды айыптай жөнелді.

Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)

"Бұл суретті мәнерлеп сырғанаушыны жерлеу күні емес, басқа күні салса да болатын еді",- деп жазды қолданушылардың бірі.

Кейбір жанкүйерлері "кумиріне" қолдау көрсетуге де тырысты. 

"Алина, осы уақытта бұл суретті жарияламауың керек еді. Неге әкеп соққанын көрдің ғой. Мұндай реакция болатынын болжауың керек еді. Тек осыған бола көңіліңді түсіре көрме. Сен әлі он алты жастасың, өмірлік тәжірибең аз. Өзіңді кінәлама. Жағдайды дұрыс бағалау үшін тәжірибең жетіспейі қалғаны көрініп тұр. Осыдан ой түйіп, өз жолыңмен одан әрі жүре бер", — деп кеңес берді air_khama.

Ал қазақстандық қолданушылардың бірі жанкүйерлерді тоқтатуға тырысып, марқұмның рухын құрметтеуге шақырды. 

"Мен Қазақстаннанмын, бүгін біз Денисті жер қойнына тапсырдық, бүкіл ел қайғыдан қара жамылып отыр. Осымен үшінші күн көзімнен жас тыйылар емес, ал сендер жұрттың не салған-салмағанын талқылап, даурығып жатсыңдар. Тоқтатыңдар! Денистің рухын құрметтеңдер!", —деп жазды ол. 

Десек те, Загитова айтылған сынға төтеп берді, тіпті кешірім сұрап, пост жазған да жоқ. Біраз уақыттан кейін спортшы қыз Жапонияның Киото қаласындағы түсірілімнен тағы бір позитивті сурет жариялады.

Денис Теннің анасы қазақстандықтарға өтініш білдірді

Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты

Жаңалықтар
0