Өңірлер

Қазақстанның үш өңірінде дауыл соғуы мүмкін

Жазылу
Дүйсенбі мен сейсенбіде еліміздің үш солтүстік өңірінде дауыл соғады, деп ескертеді синоптиктер

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі үш облыста, сонымен бірге Астана мен Петропавлда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанадағы дауыл салдары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадағы қатты дауыл: Сенаторлар Қасымовтан есеп сұрады

"Дүйсенбі және сейсенбі 30 және 31 шілде күндері күн күркіреп, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с", — деп синоптиктер ескертеді.

Ақмола облысында да ауа райы сондай болмақ, алайда желдің жылдамдығы анағұрлым зор – 25 м/с, ал 31 шілдеде нөсерлеп жаңбыр жаууы ықтимал.

Дүйсенбі күні мен Петропавлда күндіз нөсер жауын жауып, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ түсуі де мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м/с.

Қостанай облысында дүйсенбіде күн күркіреп, бұршақ түседі және дауыл тұруы ықтимал.

Тағы оқыңыз:

Дауыл кезінде адамдар мінген қайық аударылды — видео

Астанадағы дүлей дауыл қанша шығын келтірді?

Жаңалықтар
0