Өңірлер

Қызылордада анасын өлтіріп, 9 жасар қызын зорлаған – оқиғаның мән-жайы

CC0 / / Зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дастархан басында ішімдік ішіп отырған қонақтардың бірі қыз баланы зорламақ болған

ҚЫЗЫЛОРДА, 30 шілде — Sputnik. Кедей отбасында анасын өлтіріп, тоғыз жастағы қызды зорлап кеткен.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады

Sputnik тілшісі жазғандай, "Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігінің халық саны – мың шақты адам. Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиғаға тап болған жанұяны берекелі, тыныш отбасы деп біледі екен.  

"Үшеуі ғана болатын, — дейді жергілікті тұрғын Вера Асанова. – Анасы, бастауыш сыныпта оқитын қызы және әкесі. Шыны керек, саяжайды жалдап тұрғанына қарағанда, жұпыны отбасы болатын. Әкесі оларды асырау үшін жұмыс істеуге кеткен".

Қайғылы оқиға отағасы жоқ кезде болыпты.

"Білуімізше, саяжайға екі бейтаныс адам қонаққа келді, — дейді Вера Асанова. – Бірлестікке кірер жолда шағын дүкенім бар, қылмыс жасаған қонақ азық-түлік, қызға балмұздақ алып кеткен болатын".

© Sputnik / Ляля Лилова"Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігінде жолдар салынбаған
Ягодка бақ шаруашылығы бірлестігінде жолдар салынбаған - Sputnik Қазақстан
"Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігінде жолдар салынбаған

Дастархан басында ішімдік ішіп отырып, бір кезде қонақтардың бірі қызды зорламақ болады. Анасы баласын қорғауға ұмтылғанда, азғын арам ойын іске асыру үшін әйелді белдікпен буындырып өлтірген.

"Екінші ер адам аулаға жүгіріп шығып, "кісі өлтіргелі жатыр" деп айғайлап көршілерді шақырып, хабар беруін сұрапты", — деп еске алады Вера Асанова.

Күдікті оқиға орнында ұсталды. Әйел адам сол жерде жан тапсырған, ал сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған қыз ауруханаға жеткізілді.

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді

Жантүршігерлік оқиғаның құрбанын ауыл тұрғындары бірігіп жерлейді, қызына медициналық жәрдем көрсетілген соң, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырыпты. Әзірше әкесі оны өз қолына ала алмайды, өйткені тұрақты табысы да, баспанасы да жоқ.

Қызылорда облысы ішкі істер департаменті хабарлағандай, әйел адамды өлтіру және баланы зорлау деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағы және 99-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.

"Қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы тұрғыны ұсталды, қазір уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған", — деп мәлімет берді  полиция.

Тағы оқыңыз: Бес мың педофил мен қанішер бостандыққа шыға ма?— Бас прокуратура жауап берді

"Ягодка" бірлестігінің тұрғындары атқарушы биліктен елді мекендегі ушығып тұрған проблемаға назар аударуды сұрайды.

© Sputnik / Ляля ЛиловаЖергілікті дүкенде ауыз судың бір бөтелкесі 220 теңге тұрады
Жергілікті дүкенде ауыз судың бір бөтелкесі 220 теңге тұрады - Sputnik Қазақстан
Жергілікті дүкенде ауыз судың бір бөтелкесі 220 теңге тұрады

"Жоғары жаққа" айта-айта, күдерімізді үздік", — дейді бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Виктор Быков. – Саяжайлар облыс орталығынан екі шақырымдай жерде орналасқан. Газ құбыры тура қасымыздан өтеді, бірақ электр жарығынан басқадан құр алақанбыз. Ауыз суы, жол жоқ, газ тарту дегенді мүлдем ойға алмайды, облыс әкімдігіне талай өтініш бердік".

© Sputnik / Ляля Лилова"Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Виктор Быков
Ягодка бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Виктор Быков - Sputnik Қазақстан
"Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Виктор Быков

Оның айтуынша, көптеген отбасыға әлеуметтік жәрдем керек, өйткені қалада тұруға жағдайы жоқтар көбінесе саяжайға келіп орналасады. Бұл жерде белең алып тұрған проблеманың тағы бірі – маскүнемдік.

Жаңалықтар
0