Қоғам

Астанада мүсінді шапалақпен ұрған жігіттер ұсталды - видео

© Sputnik / Болат ШайхиновМүсін
Мүсін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшедегі мүсіндерді келемеждеген жігіттер "Сергек" камерасының көмегімен ұсталды

АСТАНА, 28 шілде — Sputnik. Астана полициясы "Сергек"  бейнебақылау жүйесінің көмегімен жағалаудағы мүсіндерді әжуалаған екі жас жігітті ұстады, деп хабарлайды әкімдігінің ресми сайты.

Мүсіндердің бірінің жанына тоқтап, суретке түспек болған жігіт, ескерткішке аяғын тіреп, біраз салбырап тұрған.

Кейін өзенге қарап тұрған ер адам кейпіндегі мүсінге келіп, жігіттердің бірі оны шапалақпен салып жібереді, кейін белден төмен бір тепкендей кейіп танытады. 

Полиция анықтағандай, бұзақылардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған, ал екіншісі – 22 жаста.

Оған "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы оқыңыз:

Алматыдағы алып ағаш ат ер-тоқымсыз қалды

Бұзақының саябақты ойран еткені видеоға түсіп қалды

Жаңалықтар
0