Өңірлер

Аптап ыстық, бұршақ, дауыл: синоптиктер демалыс күндеріне болжам жасады

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. 28-30 шілде аралығында еліміздің солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерінде аптап ыстық болса, шығыста жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды синоптиктерге сілтеме жасап.

"Республиканың солтүстік өңірлерінде өткінші жаңбырға қарамастан, 29 шілдеде ауа температурасы күндіз 25-30 градус ыстыққа дейін көтеріледі. Бұған Иран аумағынан келетін жылы ауа ағындары себеп болады. Ал еліміздің оңтүстік-батысында 40-42 градус болады", — делінген хабарламада. 

Қазақстанның шығыс өңірлеріне әлі де циклон ықпал етеді, сонымен бірге салқын және ылғалды ауа ағындары салдарынан өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрып, ауа температурасы ауытқиды.

Семейде ірі бұршақ төпелеп жауды — видео

Жаңалықтар
0