Саясат

Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды

© Photo : Официальный сайт МИД РКҚазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды
Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та Діни сенім бостандығын насихаттау бойынша бірінші министрлік конференция өтеді

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу үшін Вашингтон қаласына барды.

Конференциядан бұрын 25 шілдеде Қайрат Әбдірахманов АҚШ мемлекеттік департаментінің басшылығымен, оның ішінде мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан және 1990-шы жылдары АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы бойынша ынтымақтастықты дамыту бастамасын көтерген, діни бостандық жөніндегі елші Сэм Браунбэкпен бірге бірқатар кездесу өткізді.

© Photo : Қазақстан СІМ баспасөз қызметіҚазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа ресми сапары
Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа ресми сапары - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың АҚШ-қа ресми сапары

Дипломаттар Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының қарыштап дамып келе жатқанын атап өтіп, 2018 жылдың қаңтарындағы Вашингтонға ресми сапары кезінде жасалған келісімдердің жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары

Сол күні министр америкалық жетекші компаниялар мен корпорациялар басшылығымен кездесіп, Қазақстанда бизнес үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар туралы айтып берді.

Министр Елбасының экономиканы дамыту бойынша жүргізіп отырған саясаты негізінде ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, байланыс және IT-технологиялар салаларында америкалық тәжірибені пайдаланып, инвестиция тартуға Қазақстанның мүдделі екеніне назар аударды. Осы және басқа да көптеген жобалар Қазақстан мен АҚШ-тың алдағы уақыттағы екі жақты ресми сапарлары барысында әзірленіп, іске асырылады.

Қазақстандықтар үшін АҚШ визасыз режимді қашан енгізеді?

Жаңалықтар
0