Қоғам

Чемпионсыз өткен бір апта: халық не талап етті, билік не дейді?

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің қазасы
Денис Теннің қазасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірден озғанына да бір апта болды. Небары 25 жасында бір ғұмырға жетерлік жетістікке жеткен спортшыны 2018 жылы 19 шілде күндіз ұрылар пышақтап кетті. Оның өлімі қоғамға қандай ой салды?

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik, Кенжекей Тоқтамұратқызы. Өмірдің мәңгілік емес екені ақиқат болса да, Алладан келетін ақ өлімге не жетсін!? Бірақ, дәл Денис Тен мұндай азапты ажалға лайық емес еді. Қапыда қаза тапқан сүйікті спортшысын халық әлі ұзақ жоқтайтыны анық. Көргенінен көрері көп болған жас баланың обалы кімде? 

Алдымен — салдар, артынан — себеп. Биліктің қазіргі жұмысы осы принципке сай ма

Орамал, той туфлиі - Sputnik Қазақстан
Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады

Биліктің бір жаман "әдеті" бар. Қоғамдағы проблемаларды анықтап, алдын алудың орнына, болары болып, бояюы сіңген істің артынан қуалайды да жүреді. Көктем сайын қаншама ауыл суға кетпесе, қыруар ақшаға салынған дамбалардың бір жыл болмай құлап жатқанын, тіпті, қаншама жерде дамбаның да жоқ екенін білмейтін едік.

Кемерова деген жерде өрт шықпаса, Қазақстанда өрт сөндіретін құралы жоқ, тіпті, өрт шықса, қашатын есігі жоқ  мыңдаған мекеме барынан да мақрұм отыратын едік. Ең өкініштісі, атақты чемпионымыз тапа-тал түсте бір айнаның кесірінен өліп кетпегенде, полиция ұрланған автобөлшектердің сатылатын орындарын тексермес па еді, кім білсін!?  Әйтпесе, Денис Теннің өлімінен кейін Алматыда екі мың (!) полицей автокөлік базарларына барып, ұрланған бөлшектерді іздеуі сәйкестік деп кім айта алады. 

"Сенбейміз, қорқамыз". Қоғамның полицияға деген көзқарасы қандай 

Егер 19 шілде күні ұрылар Денис Тенді емес, ешкім танымайтын адамды өлтіріп кеткенде, қарақшылық пен ұрлыққа қатысты бұл "қазанның" қақпағы жабулы күйі қалар еді: оқиға бірыңғай қылмыстар тізіміне тіркеліп, ұзаса, кешкі жаңалықтардан "жылт" етер еді. Бірақ, халық чемпионның өлімін кешіре алмады. Полиция ашпаған өз бастарындағы ұрлықтарды жарыса жазып, күндіздің өзінде көшеде жүру қорқынышты екенін жайып салды. 

Вице-министр: қазақстандықтар полициядан қорықпайды

Ал, Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің биографиясы отқа май құя түсті. Қазақстандағы ақпарат агенттіктері хабарлағандай, бұл жігіт 2012 жылы құны 14 мың теңге телефон үшін бір адамды ұрып-соғып, ақыры телефонын тартып алған. Кінәсі дәлелденгенмен, сот залынан босап шыққан. Бұл аз десеңіз, ол Денистің өлімінен бір апта бұрын Астанада автокөлік айнасын ұрлап, ұсталған екен. Бірақ, Астананың полициясы оны уақытша қамамай, шақырған уақытта келуді ғана міндеттеп, босатып жібереді. Ал ол Алматыға келіп, баяғы әдетіне қайта басқан. 

Не керек, Денистің өлімінен кейін Қазақстан азаматтары Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов (бүкіл командасымен) пен Алматы Ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуін талап етіп, Қазақстанның полициясына реформа жүргізуді сұрады.

Полиция Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрамайды 

"Генерал көп, Қазақстан жалғыз". Қасымовтың отставкаға кетуі туралы сауалнаманың нәтижесі қандай 

Қалмұхамбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Қасымов отставкаға кете ме? ІІМ-нің жауабы

Ал, кеше қоғам белсендісі Мұрат Әбенов Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетсін бе, жоқ па?" деген сауалнаманың нәтижесін жариялады. Дауыс берген 14 мың азаматтың 91 пайызы министрдің отставкаға кетуін талап еткен екен. 

"Қасымов отставаға кетсін". Міне, дауыс берген 14 мың азаматтың 91 пайызы осындай пікірін айтып, генерал Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен. Менің ойымша, көшедегі азаматтардың көбі де осылай жауап берер еді. Сенім жоқ. Халықпен санасу керек. Содан кейін ғана ІІМ-індегі реформаны қолға алуға болады", — деп жазған Әбенов. 

"Реформа, реформа және тағы да реформа"

Sputnik тілшісіне берген сұхбатында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан "ұсақ-түйек" ұрылардың көбін полицияның өзі қорғаштап отырғаны анық дейді. 

"Ішкі істер министрлігіне реформа керек. Өзгерісті неден бастаған абзал? Ең бірінші, басшылық отставкаға кету керек. Министр Қалмұханбет Қасымов бастаған басшылық отставкаға кету керек. 

Екіншіден, халыққа ашықтық керек. Елдегі бүкіл ішкі істер департаменттерінің сыртындағы қашалар алынуы керек. 

Үшіншіден, қазақ полициясының формасын ауыстыру керек. Олардың формасы баяғы кеңес замынан қалған үлгі. 

Ұрлықшыларды "крышовать" етіп отырған осы полицияның өзі. Қарапайым азаматтар ұрыны өздері ұстап, полицияға тапсырса, полиция қамаудың орнына қарақшыларды босата салады", — дейді Мұхтар Тайжан. 

Ішкі істер министрлігінің реформасы дегеніміз не?

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Халық министрдің отставкаға кетуін талап етуде: Қасымов неге сеніп отыр?

"Реформа дегеніміз — қандай да бір саланың ең жоғарғы буыны қабылдайтын шешім. Яғни, бұл жерде Президент әкімшілігі, яки, Қауіпсіздік жөніндегі кеңес қана полицияның қызметін, санын, міндеттерін түбегейлі қайта қарап,трансформацияны кімге тапсыру керектігі туралы шешім қабылдайды деген сөз. Яки, реформа бола ма, жоқ па, ал, болса, қандай деңгейде жүргізілетінін тек Ақорда ғана шеше алады", — дейді сарапшы Сәуле Мектепбаева.

Сәуле Мектепбаева әлеуметтік желіге жазған пікірінен соң, лезде "Қасымовтың жақтасы" деген атаққа ие болдым дейді. 

"Шын мәнінде, реформа министрдің қолындағы дүние емес. Және мен оны ашық жаздым. Бірақ, халық мені министр Қасымовтың жұмысына зор баға берді, соны жақтады деп, әртүрлі пікір айтып жатыр екен. Жоқ, олай емес. Еуразиялық Одақтың жұмысы аясында Ішкі істер министрлігімен тығыз жұмыс істеп жүрмін. Реформаны полицей-министр емес, мықты менеджер ұйымдастыра алатынын айтып отырғаным сондықтан" — дейді Sputnik тілшісімен әңгімелескен Сәуле Мектепбаева. 

Қазақстанда халықты қаруландыру ұсынылды

Полиция халықтан билікті қорғайды

"Ең қиыны саясат пен құқық қорғаудың аражігін ажырату. Біздегі полицияның үлкен армиясы шын мәнінде сол саяси тұрақтылықты сақтауы керек. Бұл жерде әрине митингтер мен жиналыстарға көп көңіл бөлінеді. Бірақ, мызғымай орнаған тағы бір тәртіп — билік өкілін халықтан қорғау. 

Мысалы үшін, әкімдіктің әр қабатында полиция не үшін тұр? Себебі, кез келген уақытта әкімдікке келіп, шу шығарған азаматты алды артына қаратпай шығарып жіберу үшін. Осының салдарынан шенеунік полицейдің артына тығылады да, халықтан алыстайды. Әкімдікке келмей тұрып-ақ, билікті жек көрген адам оған қоса полицияны да жек көріп кетеді", — дейді Мектепбаева. 

Ах, Грузия, Грузия! Қазақстандықтар грузин полицейлерді жақсы көріп тұр 

қару - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтарға қару ұстауға рұқсат берген дұрыс па? Сарапшылардың пікірі

Сәуле Мектепбаева сияқты ресми сарапшылар да, әлеуметтік желілердің "жекеменшік" сарапшылары да полицияның реформасы дегенде Грузия елін көп мысал етіп жүр. Тіпті, осы күндері грузиндік кішкентай қыз туралы жарнамалық ролик те мессенджерлер арқылы таралып-ақ жатыр. Саакашвили полицияның бұрынғы құрамын түгел өзгертіп, генералдарды қамауға алып, Грузия полициясының жалақысын 10 есе, полицияға қойылатын талапты да сонша есеге арттыра отырып жүргізген реформасының нәтижесі расымен де таң қаларлық екен. Оған әріптесім Гүлбану Әбенова куә. 

Батумиде жүрген Гүлбану ханым Sputnik тілшісіне телефон арқылы ондағы полицияның ашықтығы сондай, қалалық ішкі істер департаментінің ғимаратына алдын ала жазылмай-ақ, бара салған кезде еш кедергісіз өткенін айтты. (Сіздің де көз алдыңызға жау келгендей тексеріп, тізімде жоқ болсаңыз, кіргізбей қоятын біздің министрліктер мен әкімдіктердегі полиция елестеді ме!?)

"Грузия полициясы расымен де өте мықты реформаланыпты. Халықтың полицияға деген сенімі өте зор. Қалада ұрып-соғу, тонау өте сирек кездеседі екен. Көшеде өзің өсірген жеміс-жидекті сатуға еш кедергі жоқ. Грузин полициясының әрқайсысы ағылшын тілін жетік меңгерген екен. Өте сыпайы, кез келген адамның арыз-шағымын мұқият тыңдап, көмектеседі. 

Қостанайда бойжеткенді өлтіріп кетті: екі полицей қамауға алынды

Ал, ашықтығы өз алдына бөлек әңгіме. Батуми қаласы ішкі істер департаментінің ғимаратына барып, басшылықпен жолыққым келетінін айттым. Өзге елдің азаматы болсам да маған еш кедергі келтірген жоқ. Құжатымды тексерді, ал, қолдорбамды біздің елдегідей астаң-кестең тексерген де жоқ. Тіпті, сөмкемді ашқызбады. Мені қалалық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары өзі қарсы алып, қандай мәселемен келгенімді тыңдап, шығарып салды. Департамент сырты қоршалмаған", — дейді Гүлбану Әбенова.

Алып-қосарымыз жоқ. Полицияның ең басты миссиясы — қауіпсіздік пен ашықтықтың ең жарқын мысалы осы болса керек. Батуми сияқты ірі туристік қаладағы ІІД басшысының орынбасары жат елдік журналистпен ашық кездессе, Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов резонансты іске қатысты журналистердің алдына әлі келмегенін айта кетейік.

Жаңалықтар
0