АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Солтүстік өңірлерде өткінші жаңбырға қарамастан, ауа температурасы күндіз 25-35 градусқа дейін жоғарылайды.
Иран аудандарынан ығысатын жылы ауа массасының ықпалынан республиканың оңтүстік-батысында күн ысып, ауа температурасы 40…42 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның шығысындағы циклон салқын және ылғалды ауа әкеледі, оның ықпалынан өткінші жаңбыр, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады. Сонымен бірге температураның ауытқушылығы байқалады деп болжанып отыр.