АҚТАУ, 25 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 12 жасар қыз Ақтаудан аман-есен табылды.
Бұдан бұрын Диана Бекхожаеваның туыстары хабарлағандай, қыз бала 23 шілдеде кешкі 8 кезінде жоғалып кеткен. Оның алдында мектеп оқушысына ағасы әлеуметтік желіде парақша ашқаны үшін ұрысыпты. Диана ата-анасына ештеңе айтпастан, Ақшүкір ауылындағы үйінен кетіп қалған.
"Лада" порталы хабарлағандай, қыз бала ата-анасына өзі қоңырау шалыпты. Телефон арқылы Ақтауда қонақта екенін айтады.
Кейінірек белгілі болғандай, қыз бала ағасымен ренжіскен соң, Ақтаудағы әжесіне кетпек болыпты. Бірақ қатты жауын кезінде Диана үйлерді шатастырып, адасып кетеді. Көп ұзамай қараңғы түсіп, қыздың үсті-басы малмандай су болған. Абырой болғанда, оқушыға әйел адам кез болып, паналатқан екен.