АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Шариғат ғалымдары әшекей тағу үшін қыз баланың құлағын тесуге болады деген пікірде.
Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде құлағына әшекей таққан әйелдер туралы айтып өткен. Жалпы, хадистерде қыз баланың құлағын тесу туралы айтқан үкім жоқ болса да, Алланың елшісі (с.ғ.с.) әйелдердің құлағына сырға тағатынын көріп, ол туралы білген. Бірақ тыйым салмаған.
Ал, ұл баланың құлағын тесу мәкрүһ, ұнамсыз іс болып саналады. Қыз бала қажеттілік болғандықтан, құлағын тессе, ал ұлдың құлағын тесудің ешқандай мәні жоқ, деп жазады kazislam.kz.