Қоғам

Адам өмірден өткен соң әлеуметтік желідегі парақшасына не болады?

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуӘлеуметтік желі
Әлеуметтік желі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртүрлі әлеуметтік желілердің "өлі" парақшалармен жұмыс істеу тәртібі ұқсас

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Интернетте өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүр. Олар әлеуметтік желіде мәңгілікке сақтала ма, әлде уақыт өте жойыла ма? – осы сұраққа Hi-Tech Mail.ru басылымы жауап іздеп көрді. Авторлар марқұмдар туралы деректерге не болатынын, олардың кімге керектігін анықтады.

Instagram

Бүкіл әлемде бұл әлеуметтік желіні 800 миллионнан астам адам пайдаланады.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?

"Қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты көріп қалсаңыз, ескерткіш статусын беру үшін бізге хабарласаңыз болады", — деп жазылған Instagram желісінің анықтамалығында. Ескерткіш статусын орнату оңай – әлеуметтік желі қызметкерлеріне дәйек ұсынсаңыз болды: қазанамаға немесе жаңалыққа сілтеме беруге болады.

Ескерткіш статусы берілген соң, ешкім марқұмның жеке бетіне кіре алмайды. Қайтыс болған адамның суреттеріндегі белгілер, лайктар – бәрі сол қалпы өзгеріссіз қалады. Оларды жою мүмкін емес. Парақша "консервіленіп", "Қызықты" бөлімінен жоғалып кетеді. Бірақ сырттай кәдімгі аккаунт болып көрінеді. 

Сонымен бірге, аккаунтты жойғызуға болады – мұндай құқыққа парақша иесінің туыстары ие, олар марқұмның туу туралы және өлімі туралы куәліктері және парақша иесінің заңды өкілі немесе мұрагері екенін растайтын құжатымен бірге өтініш бере алады. 

Facebook

Цукербергтің әлеуметтік желісінде де ережелер Instagram нормаларына ұқсайды. Бірақ тағы бір таңдау бар – парақшаның сақтаушысын белгілеу. Ол адам аккаунтты қадағалап, марқұмның атынан достарымен қоштасып, аватаркасын өзгерте алады. Бірақ жеке хаттарын оқып, достарын бұғаттауға хақы жоқ. 

"ВКонтакте" және "Одноклассники"

"ВКонтакте" желісін айына 97 миллион адам пайдаланады. Оның қызметкерлері желіні "өлі" парақшалардан тазартпайды. Тек туыстарының бірі өтініш білдірсе ғана, қайтыс болған адамның аккаунтын жояды.

Суретке түсу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психолог адамдар әлеуметтік желіге неге сурет салатынын айтты

Туыстары марқұмның парақшасын жасырып қоя алады – мұндай жағдайда, аккаунты достары ғана көретін болады. Парақша соңғы рет кіргендегі қалпында "консервіленеді".

Жеке бетті кейде өшіруге де болады. Ол үшін қаза болған адамның туыстары өлім туралы куәлікті көрсетіп, "ВКонтакте" қызметкерлерінен парақшаны жоюды сұрауы керек.

"Одноклассники" желісінде де сондай тәртіп қалыптасқан. Парақшаны "консервілеп" тастаған соң, оған ешкім кіре алмайды.

Іздеу жүйелері

Әлеуметтік желілердегі парақшалар, аватаркаға қойған суреттер, өлең жолдары жазылған блогтар – мұның бәрін Google, Яндекс және басқа іздеу жүйелері арқылы оңай тауып алуға болады. Аты мен фамилиясын жазсаң болғаны.

Демек, барлық ақпарат іздеу жүйелерінің серверлерінде сақталады. Басқа ресурстардан жойылғанша, іздеу барысында шығып отырады, яғни, мәселен, "ВКонтакте" желісіндегі парақшаңызды өшіргеніңізше, іздеу жүйелері оп-оңай тауып алады.

Жаңалықтар
0