АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Қытайда көлікте ашынасымен отырған күйеуінің үстінен түскен әйел көшенің ортасында жанжал шығарды
Жанжалдың видеосы The Daily Mail-дың YouTube-парақшасында жарияланды.
Басылымның хабарлауынша, бұл оқиға Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласында болған. Әйел көшеде күйеуінің көлігін көріп қалады, ол ішінде ашынасымен отырған. Келіншек жүріп келе жатқан көліктің үстіне секіріп мініп, әйнегін таяқпен ұрғылай бастайды. Жұбайы көлікті тоқтатып, сыртқа шыққан кезде әйелі оған бас салады.
"Сен мені алдадың! Үй аламыз деп уәде берген едің, өзің ашынаңмен қыдырып жүрсің!", — деп айғайға басты долы әйел.
Тағы оқыңыз: Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап неге қашты?
Сол маңда жүрген адамдар көліктің есігін ашып, ішінде отырған қызды ұялтпақшы болады. Полицейлер қызды да, ерлі-зайыптыларды да қамап қойды.