Экономика

Қанша адамның "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредит алғаны белгілі болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуипотека
ипотека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің хабарлауынша, 20 шілдедегі жағдай бойынша 312 кредит мақұлданған

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Ұлттық банк "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша қанша адамға кердит берілгенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik. 

банк - Sputnik Қазақстан
Экономика
"7-20-25": Астана мен Алматыда банк күніне 1500-1900 адамды қабылдап жатыр

"20 шілдедегі жағдай бойынша 5,4 миллиард теңгеге 466 өтініш берілген. Оның 312-сі мақұлданған, бұл 3,6 миллиард теңге", — деп хабарлады Ұлттық банк. 

Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы әрбір 10 күн сайын есеп беріп отырмақ. 

Бұдан бөлек, мамандар кредит алғысы келетін 5763 адамға кеңес берген. 

Айта кетейік, алғашқы жеті кредит 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілген.

"7-20-25" бағдарламасы: Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұруға мәжбүр

Жаңалықтар
0