АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов полиция бірінші кезіккен адамдарды ұстап алды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды, қылмыстық іс өндіріске алынды. Қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар белгіленді", — деді министрдің орынбасары журналистермен кездесу кезінде.
Жақыпов әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ұсталған күдіктілерге қатысты тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Халық Қасымовтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр
"Шын айтсам, біз әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған ақпараттарды оқып отырамыз. Бірден айтқым келеді, полиция бірінші кезіккен адамды ұстап алды деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған қылмысты өз қолымен жасағандар ұсталды. Олардың қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін айғақтар бар", — деді ол.
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің үстінен түскен. Арада жанжал шығып, салдарынан күдіктілер Денис Тенге пышақ сұғып алады.
Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер 2,5 сағат бойы оның өмірі үшін күрескенмен, ажалдан арашалап қала алмады. Денис Тен 17:30-да ауруханада жан тапсырды.
Денис Теннің өлім аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне істің жіті және объективті тергелуін қамтамасыз етуді тапсырды.
20 шілде күні таңертең мәнерлеп сырғанаушының өліміне күдікті Нұралы Қиясов ұсталды. Ол Жамбыл облысының тумасы, 24 жаста. Сол күні кешке екінші күдікті Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов ұсталды.
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Ал бүгін Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты. Алматы ІІД ақпаратынша, оқиғаны көзбен көрген адамдар табылған. Бетпе-бет кездесу барысында Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады. Бұған дейін Арман Құдайбергенов пышақ жарақатын салғанын айтқан еді. Екі күдікті де бұрын заңды бұзған.
Денис Тенге шабуыл жасаған күдікті бұрын сотталған болып шықты
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған