Қоғам

Фотодерек: Алматыда алып тиіннен соң орнатылған ағаш ат ер-тоқымсыз қалды

© Sputnik / Тимур Батыршинағаштан жасалған арт-нысан
ағаштан жасалған арт-нысан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда алып тиіннен кейінгі екінші арт-нысан бір апта бұрын қойылған

АЛМАТЫ, 24 шілде — Sputnik. Алматыда Панфилов көшесіне орнатылған ағаш аттың қоладан құйылған ер-тоқымын ұрлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанның фототілшісі ағаш мүсін орнатылған жерден. 

Арт-нысанның авторы – Ербосын Мелдібеков. Ағаш аттың ер әбзелі қоладан құйылған, онда ер адамның жамбас іздері бейнеленген. Автор бұл туындысын аттан түспеген ата-бабамыздың тұрмыс-салтымен ұштастыруды көздепті. 

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда орнатылған ағаш ат ер-тоқымсыз қалды
Алматыда орнатылған ағаш ат ер-тоқымсыз қалды - Sputnik Қазақстан
1/3
Алматыда орнатылған ағаш ат ер-тоқымсыз қалды
© Sputnik / Тимур БатыршинАғаш аттың ер-тоқымын ұрлап кетті
Ағаш аттың ер-тоқымын ұрлап кетті - Sputnik Қазақстан
2/3
Ағаш аттың ер-тоқымын ұрлап кетті
© Sputnik / Тимур БатыршинОрнатылған кездегі арт-нысан
Орнатылған кездегі арт-нысан - Sputnik Қазақстан
3/3
Орнатылған кездегі арт-нысан
1/3
Алматыда орнатылған ағаш ат ер-тоқымсыз қалды
2/3
Ағаш аттың ер-тоқымын ұрлап кетті
3/3
Орнатылған кездегі арт-нысан

Бұл мүсін алып тиін секілді Алматыда ұйымдастырылған байқауға қатысқан 16 жұмыстың бірі. 

Алматыдағы "Атакент" орталығының жанында орнатылған "Тиін" алып арт-нысаны қоғамда қызу талқыға түскен еді. Анығын айтсақ, оның бағасы жұрттың жағасын ұстатты. 12 метрлік сабаннан жасалған мүсінге 23 миллион жұмсалыпты. Ең қызығы, оның 15 миллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Әрі бұл қымбат арт-нысан тоғыз ай ғана тұрады, одан кейін оны бұзады. 

Тағы оқыңыз: Алматыда дау тудырған алып тиін сатылып кетті ме?

Жобаның ұйымдастырушылары Funk креативті агенттігінің мәліметіне сүйенсек, байқауға қатысқан 16 арт-нысанға барлығы 78 миллион теңге жұмсалады.

Жаңалықтар
0