АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Алабама штатындағы Нортпорт қаласында ер адам медбикеге түкірік шашып, өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды CBS42 басылымы.
Нортпорт ауруханасының қабылдау бөлімінде Лиза Никольс есімді медбикеге ВИЧ инфекциясына шалдыққан Дэван Майнор түкірігін шашып жіберген.
Ем қабылдау кезінде Майнор ашуға булығып, медбикенің бетіне түкіріпті. "Ажалмен соңғы рет сүйіс", — дейді ол түкіргеннен кейін.
Никольстың айтуынша, науқастың түкірігі аузы, мұрыны, бетіне тиген. Ол бірден бет-аузын зарарсыздандыруға кіріседі.
Медбикенің сараптама қорытындысы оның дертті жұқтырмағанын көрсеткенімен, алдағы жарты жылда тағы бір тексеріліп, нақты нәтижесін біле алады.