Мәдениет

Атышулы "Ninety One" тобы үш жылдығын қалай атап өтпек?

© Photo : Официальный сайт группы NINETY ONE NINETY ONE
NINETY ONE - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Топ мүшелері концерттік турмен бір айы Қазақстанды аралайды

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Аз уақыт ішінде көптің жүрегін жаулап үлгерген "Ninety One" тобына биыл – 3 жыл. Осыған байланысты топ  мүшелері үш жылдық мерейтойды атап өтуге қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жас Отан" ЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ninety One тобының әншісі Дулат Мухаметкалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қазаққа заманауи болу тән". Ninety One әншісі қазақ өнерін қалай дамыту керектігін айтты

3 жылдықты атап өту үшін топ мүшелері бір ай бойы Қазақстанның ең ірі 16 қаласына концерттік тур ұйымдастырады. Концерттік турға аттанбас бұрын, 27 шілде күні "Ninety One" тобы  Түркияның Кемер қаласында өнер көрсетіп, тыңдармандарымен кездеседі. Айта кетсек, қазақстандық топ осымен екінші жыл қатарынан түркиялық TMB телеарнасының музыкалық чартында бірінші орында тұр. 

Ал Қазақстанда концерттік тур 31 шілде – топтың туған күнінде Астанадан басталады. Осылайша, Ninety One бір айы бойы еліміздің барлық ірі қаласында жеке концерт өткізетін алғашқы музыкалық топ болмақ. Тыңдармандар өз қалаларында сүйікті әншілерінің әнін тыңдап, кездесулерге қатысуға мүмкіндік алады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы тур басқалардан өзгеше болмақ, себебі бұл топ үшін осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың кішігірім қорытындысын шығаратын сәт. 

Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке қандай хат жазды?

Еске сала кетсек, биыл топ солисі Дулат Мұхаметқалиев жастардың қолдауымен онлайн сайлау нәтижесінде "Жас Отан" Орталық кеңесінің мүшесі атанған болатын. Сондай-ақ, наурызда "Жас Отан" ЖҚ IV съезінде  сөз сөйледі. Қоғамдық жұмысын қатар алып жүрген Дулат қыркүйек айының соңында Алматыда өтетін Орталық кеңес жұмысына да қатыспақ.

Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы желіні шулатты — видео

Жаңалықтар
0