Оқиға

Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкінісінің эпицентр Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Сезілуі жайында мәлімет жоқ

АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik. Қазақстандық сейсмологтар қазақ-қырғыз шекарасында магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болғанын тіркеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік станциясы.

Сейсмографтың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 08.02-де тіркелген.

Алматы облысында жер сілкінісі болды

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым алыста Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды", — делінген хабарламада.

Тереңдігі – 15 километр. Сезілуі туралы ақпарат жоқ. 

Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,3 және 4,6 тағы екі жер сілкінісін тіркеді. Олар Алматы уақытымен 02.23 және 05.06 кезінде Қытай аумағында және Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай шекараларының түйіскен жерінде болыпты.

Ақырзаман қашан болады?— бақсының болжамы

Жаңалықтар
0