Әлем

Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуШанхай
Шанхай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Елдің шығыс жағалауында биыл осымен оныншы рет "Ампил" тайфуны соқты

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Жексенбі күні соққан тайфун өзімен бірге қатты жел мен нөсер жауын ала келген. 

Қытай - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?

Шанхай маңындағы Чунмин аралына жергілікті уақытпен 12:30-да "Ампил" тайфуны жетті. Биыл ол осымен оныншы рет соқты. Тропикалық дауылдың ошағында желдің екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен, деп жазады РИА Новости. 

Табиғи апат аймағында қалған аудандарда ескертудің "қызғылт сары" деңгейі жарияланды. Бұл Шанхай қаласы, Чжэцзян және Цзянсу провинцияларының жағалау маңы аудандары. 

Бұған дейін Шанхай билігі 192,7 мың адамды эвакуациялағаны белгілі болды. Тағы 38 мың адам Чжэцзян провинциясында қауіпсіз жерге көшірілген. 

Видео: Қытайды топан су басып жатыр 

28 мыңнан астам кеме жағаға қайтып оралды, биілк алдағы екі күнде теңізге шықпауға кеңес береді. Құрылыс алаңдары, туристік нысандар, саябақтар мен жағажайлар жабылды. 

Билік жергілікті халыққа қауіпсіздік шараларын сақтауға, қауіпті таулы және жағалау маңы аудандарына бармауға, қажеттілік болмаса көшеге шықпауға кеңес берді.

Қытайда көп қабатты ғимарат жермен-жексен болды — видео

Жаңалықтар
0