Видео

Қатты желден адамдар мінген қайық аударылды – видео

Жазылу
АҚШ-тың Миссури штатында көлде адамдар мінген қайық аударылды. Оқиға куәгерлері апатты видеоға түсіріп алған

Жұма күні Тейбл-Рок көлінде 31 адам мінген серуен қайығы аударылып қалды. Салдарынан 17 адам қайтыс болған, арасында балалар бар.

Апатқа ұйытқуы сағатына жүз километрге жеткен қатты дауыл себеп болған.

АҚШ президенті қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0