Қоғам

Қазақстан телеарналары екі күнге ақ-қара түсті хабар таратуға көшеді

© Sputnik / Сергей КимДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бірнеше телеарнада көңіл көтеру бағдарламалары алынып, Qazsport эфир кестесін өзгертті

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Қазақстанның телеарналары мезгілсіз көз жұмған мәнерлеп сырғанаушы қазасына байланысты ақ-қара түсті хабар тарататын болады.

"Денис Теннің қазасына байланысты бүгін және ертең Gakku мен "Той Думан" арналары ақ-қара  түсті хабар таратады", — делінген Gakku TV арнасының Instagram парақшасында.

Gakku FM, Love Radio және Дача FM радиостанцияларында барлық көңіл көтеру бағдарламалары эфирден алынды.

Бұдан бөлек, Qazsport арнасы қайғылы оқиғаға байланысты 19 және 20 шілдедегі эфир кестесін өзгертті.

Еске сала кетсек, трагедия 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.
Полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті — Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.
Жаңалықтар
0