Өңірлер

Сірке суы, пышақ және зілбалға: екі әйел айуандықпен кісі өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңай олжа тапқысы келген әйелдер жантүршігерлік қылмысқа барған

КӨКШЕТАУ, 20 шілде – Sputnik. Анасы мен қызы кәсіпкер әйелді айуандықпен өлтірді: бетіне сірке суын шашып, пышақтап кеткен, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды

Тергеу мәліметіне сүйенсек, Ерейментау қаласының екі тұрғыны үш дүкеннің иесіне қарақшылық шабуыл жасамақ болған. Кісі өлтіру үшін зілбалға, пышақ және сірке суын қамдапты. Онымен қоймай, кәсіпкер әйелдің үйіне жұмысқа тұруды сылтауратып алдын ала кіріп шыққан. Қарақшылық жасайтын күні үйде кім бар, кім жоғын тексеріп, хабарласады. Отағасының жоқтығын пайдаланып, арам ойларын іске асыруға көшкен. 

Кәсіпкер әйелдің үйіне келген соң қызы сірке суын алып шығып, үй иесінің бетіне шашып жібереді. Әйел жан ұшыра айғайлай бастағанда, анасы бірнеше рет пышақ сұғып, кейін зілбалғамен өлгенше ұрғылайды. Қарақшы әйелдер үйдегі 3 миллион теңге мен видерегистраторды алып кеткен.

Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті кім?

Зардап шегуші ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Сараптама көрсеткендей, құрбанның беті күйіп, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, бас сүйегі сынған.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау тұрғынын аяусыз пышақтап тастаған қырғыз азаматы жазадан босатылды

Күдікті әйелдер ақшаны алып, олжаны атап өтуге аттанады. Олар елордада ұсталды. Бастапқыда анасы мен қызы бәрін теріске шығарғанымен, кейін жолдорба мен зілбалғадан жәбірленушінің ДНҚ іздері табылған. Тергеу барысында екі әйел байырғы қарызға байланысты күтпеген жерден жанжал шықты деп ақталуға тырысыпты.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты анасы мен қызын кісі өлтіріп, қарақшылық жасағаны үшін айыпты деп таныды. 58 жастағы әйел 16 жылға, 34 жастағы қызы – 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығынды өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктінің суреті жарияланды

Жаңалықтар
0