АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі Алматы әкімдігімен бірге Денис Теннің жерлеу рәсімін ұйымдастырады.
"Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы әкімідігімен бірге Денистің ата-анасына көңіл айтуға барады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруды министрлік пен әкімдік мойнына алады", – деп хабарлады Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, ертең атақты спортшының жерлеу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болады. Болжам бойынша, сенбі 21 шілде күні өтуі тиіс.
Бейсенбі 19 шілдеде танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматы ауруханасында пышақ жарақатынан көз жұмды.