Қоғам

Астанада жел ұшырған батуттың иесі қандай жазаға кесілуі мүмкін?

© Photo : Общественный паблик "Астана - Что? Где? Когда?" в соцсетяхАстанада батут аударылды
Астанада батут аударылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жел ұшырған батуттың иесі жауапқа тартылады

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Астанада қатты дауыл салдарынан аударылып, 5 баланы жазым ете жаздаған батуттың иесі жауапқа тартылады. Төтенше оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс сотта қаралмақ, деп хабарлайды КТК.

Батут - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев жел ұшырған батутқа қатысты: кінәлілер жазасын алады

Сот алдына екі адам келеді. Бірі – балалар секіріп ойнайтын батуттың иесі. Екінші айыпталушының кім екені әзірге айтылған жоқ.

Оларға тағылған айыптар: "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет түрін ұсыну" және "кішкентай ұл-қыздардың денсаулығына абайсызда зиян келтіру".  Сот отырысы келесі бейсенбіде өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, екі ай бұрын Астанадағы "Жаннұр" сауда орталығының алдындағы батутты жел ұшырып, 5 бала ауруханаға түскен еді. Бүлдіршіндердің бірі жансақтау бөліміне жатқызылған.

Астанада жел ұшырған батуттан зардап шеккен балалардың хәлі қалай?

Сотталушылар кінәлі деп танылса, 12 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар комитеті жел ұшырған батутқа қатысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
0