Оқиға

Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті, ол ауыр хәлде жатыр

© REUTERS / Lucy NicholsonДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Тен ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр

Астана, 19 шілде — Sputnik. Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген мен Денис Тен мұз айдынында бірге өнер көрсетеді

Бұл ақпартты Мәдениет және спорт министрлігі растады. 

"Спортшының пышақ жарақатын алғаны туралы ақпаратты растаймыз. Оның ата-анасымен хабарластық, олармен байланыстамыз", — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Олар мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жуық арада бұл жағдай бойынша толыққанды ақпарат беретінін атап өтті.

"Бейсенбі 19 шілде күні сағат 14.56-да жедел жәрдемге пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді", — делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Тен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бастапқы диагнозы – оң жамбастың үстіңгі бөлігінен пышақ жарақатын алған, тамырларына зақым келген, қан жоғалтқан.

Денис Тенді кім пышақтағаны анықталды

"Аурухана түскенде науқастың жағдайы өте ауыр болатын, шұғыл түрде жансақтау шаралары атқарылды, барлық тиісті білікті мамандар науқасты жедел емдеуге кірісті", — деп мәлімет берді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Денис Тен — белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын.

Жаңалықтар
0