ӨСКЕМЕН, 17 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны жай түсіп қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖ бойынша департамент баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Семей жанындағы Чекоман ауылында кешкісін болған. Он алты жасар бала аулада ойнап жүргенде найзағай түскен. Ол алған жарақатынан көз жұмды.
ТЖД атап өткендей, көбінесе шопандар мен малшыларға күн күркіреп тұрғанда жай түседі.
Бұдан бұрын синоптиктер күн күркіреп, жел тұратынын ескерткен болатын.
Найзағай ойнап тұрғанда ағашқа тығылған жүкті әйел қаза тапты