Видео

Бүркітшілер жарысы кезінде жыртқыш құс балаға бас салды - видео

Жазылу
Этнофестиваль кезінде бүркіттің он жасар қызға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалған

Үнемі жарыстарға қатысып жүрген 15 жасар құстың Ыстықкөлдегі этнофестивальде алаңға жүгіріп шыққан балаға неге тап бергені белгісіз.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, зардап шеккен қыздың есімі Азиза, фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Назира Ақылбекованың сіңілісі.

"Сіңлім бүркіттер ұшырылған алаңға қалай тап болғанын білмей қалған. Бұған өзіміз кінәліміз. Жағдайы қазір жақсы, басындағы жарақатын тікті. Бүркіт тырнағын терісіне батырып алыпты, арқасы да сыдырылған. Қазір үйде, аздап қорқып қалған. Сол кезде жарысқа қатысушыларды тіркеп жатқан едім. Азиза қасымда тұрған", — дейді Ақылбекова.

Оқиға жайында толығырақ мәлімет


Жаңалықтар
0