Қоғам

Ақкөлдегі бала өлімінен кейін білім министрлігі жазғы лагерьлерді тексермек

© Photo : служба центральных коммуникацийБибігүл Асылова
Бибігүл Асылова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бибігүл Асанованың айтуынша, білім және ғылым министрлігі балалардың құқығы жөніндегі комитетпен бірлесіп қажетті шараларды қолға алады

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Ақкөлде бала батып кеткен оқиғадан кейін білім және ғылым министрлігі жазғы лагерьлерде жоспардан тыс тексерістер жүргізуі мүмкін, деп хабарлады вице-министр Бибігүл Асылова. 

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жазғы лагерьдегі бала өлімі: полиция түсініктеме берді

"Біз мүдделі органдармен бірге нақты әрбір жағдайды тексереміз. Біз, жергілікті атқарушы органдар мен балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитет қажетті шараларды қолға аламыз", — деді ол. 

Оның айтуынша, балалар лагерльлері лицензияланбаған қызметі түріне жатады. Сондықтан тексеріс жүргізу жолдарын қарастыру керек. 

"Бұл ұйым қосымша білім беру түрі болып табылады. Яғни, бұл түрлі үйірмелер, лагерьлер, оның ішінде тілдік орталықтар. Негізінен оған бизнес тартылады, сондықтан олар өзін-өзі реттейтін ұйымдар. Тексеріс жүргізу үшін мәселені жан-жақтан қарастыру керек. Маусым ашылмас бұрын қоғамдық денсаулық сақтау комитеті рұқсат алады. Жауапкершілік қосымша білім беру ұйымының құрылтайшылары мен иелерінің мойнында", — деді Асылова. 

Астанада кілем жуған 43 жастағы әйел мен екі қызы қаза болды

Сондай-ақ, ол 15 жастағы баланың өліміне қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің барысы туралы айтты. Оқушы 9 шілдеде Ақмола облысындағы "Арман" сауықтыру лагерінде батып кетті. Баланың денесінде көгерген іздер бар. 

"Тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Іс облыстық ішкі істер департаментінің қарауында, сәйкесінше бұл мәселе ІІМ-нің бақылауында. Біз олармен бірге жұмыс істеп жатырмыз", — деді вице-министр. 

Жаңалықтар
0