Спорт

Мэйвезер GGG - "Канело" қарымта жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

© AP Photo / John Locher"Канело" - Головкин
Канело - Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG - "Канело" қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Джефф Мэйвезер Сауль Альварес пен Геннадий Головкин реваншын аса ыждағаттылықпен көретінін мәлімдеді, оның пікірінше, төрешілер жеңісті Канелоға беруі тиіс еді, деп хабарлайды Sport.kz.

Джефф атап өткендей, мексикалық боксшы ауыр соққыны бойына дарытпай, жұдырықтасу сәттерінде үнемі басым түсіп отырған, ал Геннадий Головкин "бетін қорғаштап", басы мен кеуде тұсынан көп соққы жеп қалған көрінеді.

"Жанкүйелер екі түрлі қарама-қайшы пікірде жүргендіктен, екінші жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін. Меніңше, сол жолы Канело ұтты. Сауль жеңді деп қаншалықты нық сеніммен айтатын болсам, басқа адамдар, керісінше, Головкин айқын жеңіске жетті деп санайды. Сонысымен де бұл кездесу өте қызық", — дейді Мэйвезер.

Канело-Головкин кездесуі - Sputnik Қазақстан
Спорт
GGG -"Канело" қарымта жекпе-жегінің билеттері қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды

"Рингте Канело басым болды. Головкинді ұрып-соғудың оңай болғаны сонша, тіпті күлкің келеді, оның үстіне, ол бүкіл жекпе-жек барысында Альваресті үш-төрт рет қана ұрды. Кездесудің басым бөлігінде түк істей алмады. Айшықты сәттерін қайталап көрсеңіз, үздік соққылардың бәрін Канело жасаған, ал Головкиннің бірде-бір шабуылын байқамайсыз. Ол үнемі алға ұмтылды —  онысын жоғары бағалаймын, бірақ алға ұмтылғанымен, соққысын дарыта алмады. Тура Флойд Мэйвезердің қарсыластары сияқты. Жеңіске жететіндей ештеңе тындырмады деп ойлаймын", — деп пікірімен бөлісті Джефф. 

GGG — "Канело" қарымта жекпе-жегі биыл 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.

Головкин чемпиондық титулын қайтарып алуы мүмкін

"Ол жынданып кете жаздады". Леффлер Головкин басынан кешкен қиын кезеңді еске алды

"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0