Қоғам

Бақсы ақырзаманның қашан болатынын болжады

© REUTERS / Adrees Latifкүн тұтылуы, архив сурет
күн тұтылуы, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеушінің айтуынша, әлемде жиілеп кеткен табиғи апаттар мен зілзала ақырзаманнан хабар береді

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Алтай өңірінен шыққан бақсы мәдениетін зерттеуші, жазушы-мистик Андрей Коробейщиков ақырзаманның жуық арада болатынын болжады.

Нострадамус - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танымал көріпкел 2018 жылға қандай жорамал айтқан?

"Комсомольская правда" басылымына берген сұқбатында ол табиғи апаттар "Жерді жарып жібереді" деген жорамалын айтты.

Коробейщиков әлемде жиілеп кеткен табиғи апаттар мен зілзала ақырзаманның жақындап қалғанын білдіретінін атап өтті. Олардың арасында жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, су тасқыны бар. 

"Қараңыздар, күні ертең Килауэа жанартауы атқылауы мүмкін, Гавайи су астына кетеді. Бүкіл әлем қайнап жатыр", — деді ол. 

Гавай аралдарындағы жанартау атқылауы - Sputnik Қазақстан
Видео
Гавай аралдарындағы жанартау атқылауының салдары – видео

Зерттеушінің болжамынша, егер адамзат технологиядан бас тартпаса, алдағы бес жылда "мыңжылдық дауылы" болуы мүмкін. Бақсы бұл процесті тоқтату мүмкін болмайтынын, қоғам өзін-өзі жоюға ұмтылып жатқанын ескертті, деп жазады life.ru

Мистик сөзінің дәлелі ретінде дайверлер Алтайдағы Телецкое көлінен тапқан "олжа" туралы айтты. 75 метр тереңдікте қарияның бейнесі табылған. Жазушының пікірінше, бұл адамзатты ойландыруға және ғаламшарды құтқаруға үндейтін белгі болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0