Оқиға

Ақтауда мас ер адам анасын ұрып өлтірді

© PavlofoxЗорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысы ІІД жанжал кезінде ер адамның мас болғанын растады

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Ақтауда отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Анасымен сөзге келіп қалған ер адам әйелді ұрып өлтірген.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Анасын асқан қатыгездікпен өлтірген оқушы жат ағымның жетегінде болуы мүмкін

Оқиға орнына келген полицейлер тек күдіктінің өзін тапты. Ол қаза тапқан әйелдің туған ұлы. Жас жігіт кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, мас жігіт анасымен жанжалдасып, артынша ұрып өлтірген.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 99-бабы бойынша Бейнеу АІІБ сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. 

ҚР ҚК бабына сәйкес, күдікті сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түркістан облысында қарт ана баласын не үшін өлтірген?

Жаңалықтар
0