Әлем

Ғалымдар 5 мың жыл бұрын адамның не жегенін анықтады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуғалымдар
ғалымдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эцидің асқазанынан табылған тағам қалдықтарының 46 проценті - жануар майы

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Италиялық Eurac Research зерттеу орталығының жетекшілігімен бір топ ғалым халколит дәуірінде өмір сүрген адам мумиясының асқазанын зерттеді. Нәтижесінде 5300 жыл бұрын адамдардың не жегенін анықтады.

Қарт ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты

Риа Новости порталының ақпаратынша, ғалымдар микроскопия әдістерінің көмегімен Эцидің ағзасынан улы қырыққұлақ, ешкі, бұғы еті мен астық тұқымдастардың қалдығын тапқан.

"Онда құрамында майы көп диета болған сияқты шамасы. Эцидің асқазанынан табылған тағам қалдықтарының 46 процентін жануар майы құрады", — дейді зерттеушілер.

Ғалымдардың пікірінше, ежелгі адамдар аң аулауға шыққанда, ағзадағы энергияны үнемі қалпына келтіріп отыру үшін осындай тағамдар жеген.

Мамандардың айтуынша, Эци өзінің соңғы тамағын өлеріне дейін 30 минуттан екі сағатқа дейінгі аралықта жеп үлгерген. Ол өзінің қатарластарымен болған екі күнгі айқастан кейін 45 жасында қаза тапты деп саналады.

Халколит дәуіріндегі адамның мумиясы 1991 жылы табылған және әлемдегі ең көне мумиялардың бірі саналады.

Қандай ыдыстың рак тудыратыны белгілі болды

Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдар қай айда дүниеге келеді?

Жаңалықтар
0