Мәдениет

Димаш Құдайберген Ресейдің танымал әншісін қалай гүлсіз қалдырды?

© Sputnik / Виктор ТолочкоДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жас әнші Беларусьтің Витебск қаласында басталған "Славян базары" байқауында ән айтты

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Үш жылдан кейін әділ қазы мүшесі ретінде  "Славян базары" халықаралық байқауына қайтып оралған Димаш Құдайберген тыңдармандардың зор қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Димаш Құдайберген 2015 жылы "Славян базары" халықаралық өнер байқауында бақ сынап, жеңімпаз атанған болатын. Енді, міне, араға үш жыл салып отандасымыз Беларусьтің Витебск қаласына әділ қазы ретінде қайта оралды. 

Тағы оқыңыз: Димаш өзінің өліміне қатысты жалған ақпарат туралы не деді?

Фестиваль аясында Димаш сахнаға шығып, бірнеше ән орындады. Әншінің "фанаттары" Димашты сахнадан жібергісі келмей, құшағын гүлге толтырды. "Славян базары" байқауының жүргізушісі танымал әнші "Николай Басков гүлсіз қалды" деп те қалжыңдады. 

"Жас әртістер үшін "Славян базарының" маңызы өте жоғары. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Қазақстанға келіңіздер! Рахмет", — деп ризашылығын білдірді Димаш. 

Осы кезде фестиваль жүргізушісі "Қандай құрмет! Ана жақта Басковтың көлігі кетіп барады, мен көріп тұрмын" деп тағы әзілдеді. 

Фестивальдің ашылу салтанатында Димаш Құдайберген "S.O.S. d'un terrien en detresse" әнін шырқады. 

Әнші инстаграм парақшасында "фанаттарының" оны шығарып салған сәтінен видео жариялады. Димаштың тыңдармандары "біз сені жақсы көреміз", "Питерде күтеміз" деп айғайлап жатыр. 

Айта кетсек, "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі 16 шілдеге дейін жалғасады. 

Халықаралық байқауға Қазақстанның атынан 23 жастағы Ернар Сәдірбаев қатысып жатыр. Ол көпшілікке Әмре деген атпен белгілі. Сәдірбаев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды, R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

Жаңалықтар
0