Өңірлер

Шелекте тұрғындардың митингісінен кейін бас дәрігер жұмыстан кетті

CC0 / valelopardo / Бас дәрігер
Бас дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атышулы оқиғадан соң бас дәрігер өз еркімен қызметін босатты

АЛМАТЫ, 12 шілде — Sputnik. Шелек ауылы орталық ауруханасының бас дәрігері Жақып Желеуов өз еркімен қызметін босатты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол өз еркімен арыз жазды. Ешкім мәжбүрлеген жоқ. Неге бұлай істегенін біз білмейміз", — деп мәлімет берді әкімнің баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, оның мұндай қадамға баруына шілде айының басынан бері ауруханада болып жатқан дау-дамай себеп болуы мүмкін. Өйткені медициналық мекемедегі ахуалға көңіл толмайды: көп жылдар бойы жөндеу жүргізілмеген, коммуникациялар әбден ескірген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әбілқасымова Шелекте қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты

Соның салдарынан 2 шілде күні аурухана аумағында үш адам ажал құшты – екі сантехник пен дәрігер. Олар канализациялық құдықты жөндемек болып, газға тұншығып қалған.

Бұл жайт жергілікті тұрғындардың да, медициналық персоналдың да шыдамын тауысып, халық жұмыстан босатылсын деп митингіге шықты. 

Облыс әкімдігі шешім қабылдауға асыға қоймады, оның үстіне бойынша тергеу ісі әлі аяқталмаған. Алайда, Жақып Желеуов жұрттың қысымына шыдай алмаса керек, өз еркімен қызметтен кетті.

Ал Шелек ауруханасын жөндеу мәселесі, шенеуніктердің айтуынша, шешімін тапқан, жақын арада жұмыс басталады.

Алматы облысында ауруханада төтенше жағдай болды: үш адам қаза тапты

Жаңалықтар
0